Петропавлда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 7 сауда үйі жабылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 7 сауда үйі жабылуы мүмкін

Петропавлда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 7 сауда үйі жабылуы мүмкін

Петропавлда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жеті сауда үйінің қызметін тоқтату туралы материалдар сотқа жолданды, деп хабарлады бейсенбі күні Петропавлдың төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы.

  • 2 Маусым 2011
  • 455
Фото - Caravan.kz

«Петропавл қ. ТЖ жөніндегі басқармасы сауда нысандарының өртке қарсы жағдайын тексеру шараларын ұйымдастырды, тексеру барысында 7 ірі сауда нысанының өртке қарсы жағдайы тексерілді: «Сокол» сауда кешені, «Көктөбе-Қызылжар», «Океан» сауда үйлері, «Дария» базары», «Моронбон» ЖШС, «Ассорти» базары» ЖШС», «Есіл-Дизель» ЖШС, — деп хабарлайды басқарма.

Аталған нысандардың бәрінде ҚР өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері анықталды. Сондай-ақ, Петропавл қаласының мамандандырылған экономикалық сотына аталған нысандардың қызметін тоқтату туралы материалдар дайындалды.

Соңғы жаңалықтар