Оның айтуына қарағанда, тек жексенбі мен дүйсенбі аралығындағы жалғыз тәулікте өрт сөндірушілер өрт ошағына 15 мәрте шақырылса, бір апта ішінде өрт сөндіруші топ 100 мәрте жолға шыққан.
Қазір Петропавлдың үстін қою түтін басып тұр. Күн райы онымен күреске жол бермей отыр: жел шықпаған кезде ауаның жылы бөлігі атмосфера аясында қозғалысқа түспейтіндіктен оның төменгі бөлігінде ағзаға улы заттар жинақталады. Санитарлық дәрігерлердің Петропавл ауасынан алған сынамаларының талдамасы ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері шектеулі шамадан 3 есе артқанын айғақтады.
Улы заттардың әсерін жүрек-қан тамыры және тыныс жолдары ауруына ұшыраған адамдар артықша сезініп отыр. Ағзадағы көмірқышқыл газының мөлшері артуы оттектік аштыққа душар ететіні беглілі.
Мамандардың пайымдауынша, мұндай ахуалды күн райының өзгеруі мен адамдардың табиғатпен қарым-қатынаста артықша жауапкершілікті сезінуі ғана өзгерте алады.