Жарияланды: 690

Петропавлда осыдан бір ай бұрын табылған 2 жасар баланың ата-анасы әлі табылған жоқ

Петропавл ІІБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторлар қалада осыдан бір ай бұрын көшеде жалғыз жүрген жерінен табылған 2 жасар баланың ата-анасын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.

«Қазір ол (бала– ҚазТАГ) Петропавлдың балалар үйіне орналастырылды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар бұл баланы бірнеше күн бойы өзінің үйінде ұстаған ер адамды іздеп тапты. Ол баланың анасымен көшеде танысып, үйіне алып келгенін, ұйықтап қалып, оянғанда, оның үйде болмағанын, қайтып келмегенін айтты. Бала оның үйінде қалған, анасы ұлының киімдерін тастап кетіпті», - деп хабарлады сәрсенбі күні баспасөз қызметі. Инспекторлар баланың анасы жауапкершіліктен қорыққандықтан, ұлын әкетпей жатыр деп ойлайды. Алайда тәртіп сақшылары оларды жауапқа тарту мәселесін көтеріп отырған жоқ. «Қазір бала үшін анасының оралғаны маңызды, өйткені жақын уақытта оның тағдыры шешілуі мүмкін, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімге адамдар хабарласып, баланы асырап алу үшін қайда жүгіну керек екенін сұрап жатыр», - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Дәрігерлердің айтуынша, бала сап-сау, тәбеті жақсы, шапшаң қимылдайды, тіпті тілі де шыға бастапты. Енді баланың жаңа құжаты бар, оған жаңа есім мен тегі берілді. М. Жұмабаев ат. ауданның ІІБ-не жергілікті тұрғындар телефон соға бастады. Олар баланы танығандарын, оның Гаврино ауылында тұрғанын айтқан. Алайда баланы да, оның анасын да соңғы уақытта ешкім көрмеген. Полиция баланың туған-туыстарын іздестіру шараларын жалғастыруда. Бұрын хабарланғандай, 2 жасар бала қаладағы бір жатақхананың ауласында жалғыз жүрген жерінен табылған. Бала тексеру үшін облыстық аурухананың дәрігерлеріне тапсырылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін