Петропавлда өткен оқу жылы 72 бала мектепке бармаған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда өткен оқу жылы 72 бала мектепке бармаған

Петропавлда өткен оқу жылы 72 бала мектепке бармаған

Петропавлда өткен оқу жылы мектепке бармаған 72 бала анықталды, деп қала әкімшілігіндегі кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссиядан хабарлады.

  • 17 Маусым 2011
  • 712
Фото - Caravan.kz

«Жыл басынан бері комиссияның 10 отырысы өткізіліп, кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына қатысты 57 материал қаралды. Оның ішінде балалардың мектепке барғысы келмейтіндігі бойынша 12 іс қаралды», — деп комиссиядан хабарлады.

Комиссияның мәліметтерінше, мектепке бармай жүрген 72 баланың 62-сі мектепке қайтарылды.

«Балардың мектепке бармайтындығының негізгі себебі — отбасындағы тұрмыстық жағдайдың жоқтығы, мекен жайларын жиі ауыстыру, ата-анасының тарапынан лайықты бақылаудың жоқтығы, балалардың қаңғыбастыққа бейімдігі», — дейді комиссиядағылар.

Комиссия профилактикалық сипаттағы шаралар қабылдауда: оқушыларды тұрған жеріне ауыстыру, жеке және кешкі оқуға ауыстыру, ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Ағымдағы жылы 5 айында кәмелетке толмаған үш бала кешкі мектепке ауыстырылды. Себебі олар жастары жағынан ересек және түзету колонияларынан шығып келген балалар. Бірақ кешкі білім беру жүйесіне ауыстырудың ең басты себебі отбасының материалдық деңгейінің төмендігі мен ата-аналарының тұрақты жұмыстарының жоқтығы, кәмелетке толмағандардың өздерінің жарты күн болса да жұмысқа орналасып, отбасына көмектескісі келетіндігімен түсіндіріледі», — деді комиссиядағылар.

Кәмелетке толмағандардың қаңғыбастығының бірінші себебі — ата-аналары тарапынан қараусыздығында, дейді комиссия мүшелері. Осындай балаларын қараусыз қалдырған 17 ата-анаға байланысты іс қаралыпты.

Соңғы жаңалықтар