Петропавлда патша заманындағы зеңбіректің оқпаны табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда патша заманындағы зеңбіректің оқпаны табылды

Петропавлда патша заманындағы зеңбіректің оқпаны табылды

Петропавлда мәдениет және демалыс саябағын қайта жөндеу кезінде көне патша зеңбірегінің оқпаны табылды. Өлкетанушылардың айтуынша, құнды

  • 3 Тамыз 2017
  • 226
Фото - Caravan.kz

Петропавлда мәдениет және демалыс саябағын қайта жөндеу кезінде көне патша зеңбірегінің оқпаны табылды. Өлкетанушылардың айтуынша, құнды жәдігер Петропавл қамалы салынған 1752 жылдары әкелінген болуы мүмкін, деп хабарлады 24 кз.

 Ертеде ол осы маңдағы дөңде орнаталып, кейін қала тұрғындары мен қонақтары қызықтайтын орынға айналған. Алайда 2000 жылдары жоғалып кеткен екен. Екі жарым ғасырдан астам тарихы бар оқпанды құрылысшылар дәмхана ғимаратын бұзу кезінде кезіктірді. Салмағы өте ауыр. Енді бұл жәдігер тарихи-өлкетану музейіне қойылмақ.

— Алдын ала болжам бойынша бұл зеңбірек Петропавл бекінісінде тұрған. Енді қалалық әкімдіктің шешімімен бұл біздің музейдің қорына беріледі. Бұдан соң біз зерттеу жұмыстарына кірісетін боламыз, деді облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Еркен Шалкенов. 


Соңғы жаңалықтар