Жарияланды: 330

Петропавлда полиция қызметкері мұздан ертегідегі қаһармандардың екі метрлік мүсіндерін жасады

Петропавлда полиция старшинасы мұздан ертегідегі қаһармандардың екі метрлік мүсіндерін жасады.

"Жаңа жыл қарсаңында арнайы күзет басқармасының старшинасы Евгений Лайков әріптестерінің көңілін көтерді, ол Аяз ата, Ақшақар мен келе жатқан Жылан жылының мүсіндерін жасады", деп хабарлады сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің қызметкері Динара Сағындықова. Ол мүсіндерді күзет басқармасы ғимаратының қасына орнатқан. Д.Сағындықованың айтуынша, ол жұмысты да жақсы істейтін жігіт, 12 жыл қызмет кезінде бірнеше рет қауіпті қылмыскерлерді ұстаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін