Петропавлда қоғамдық көлікте жол жүру құны қымбаттайды
18 шілдеден бастап Петропавл қаласында қоғамдық көлікте жол жүру құны қымбаттайды. |
Енді автобустар мен бағыттық автобустарда жол жүру билеті 50 теңге болады. Ал әзірге автобуспен жол жүру ақысы 35 теңге, ал бағыттық автобустарда жүру құны 40 теңге болып тұр.
Троллейбус билетінің бағасы да қымбаттайды, қазір ол 30 теңгені құраса, дүйсенбі, 18 шілдеден бастап 40 теңгеге көтеріледі.
Жолаушы тасымалдаушылар тарифтің көтерілуін соңғы үш жыл ішінде автокөлік құралына қажетті қрал-саймандардың қымбаттауымен түсіндіреді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін