Жарыстардың бірінші күнінде велошабандоздар тасжол бойында 25 шақырымға жеке жарыстарға қатысты. Бұл сайыстарда жеңіс тұғырына Павлодар облысынан Роман Семенов шықты. Сайыстардың екінші күні 50 шақырым қашықтыққа топтық жарысу болды, бұл бәсекеде Павлодар облысының құрамасы жеңімпаз атанды. Одан кейін спортшылар 100 шақырымға дейінгі топтық сайыстарда бақтарын сынады. Бұл жерде шығысқазақстандық Тілеген Майдос жеңімпаз атанды. 50 шақырымға созылған жарыстарда бірінші орынды павлодарлық Роман Семенов, екінші орынды Тілеген Майдос, ал үшінші орынды Алматы облысының өкілі Данияр Жақыпбеков иеленді.
Төрт күннің нәтижелері бойынша бірінші орынды павлодарлық құрама, екінші орынды Астана құрамасы, ал үшінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының велошабандоздары иеленді.