Петропавлда сауда кешенінде өрт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда сауда кешенінде өрт болды

Петропавлда сауда кешенінде өрт болды

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Петропавлде кеше 12 сағат 20 минутта өрт сөндіру қызметінің пультіне "Вознесенский" сауда кешенінде өрт шықты деген ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі жергілікті (МТРК)телерадиоарнасына сілтеме жасай отырып.

  • 15 Мамыр 2008
  • 440
Фото - Caravan.kz

Өрт жөндеу жұмыстар жүргізіліп жатқан ғимараттың шатырында шығып, жалын 700 шаршы метрге жайылды. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 80 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша өрт көзінің шығуына құрылыс жұмыстары кезіндегі салғырттық себеп болған.

Өрт қызметкерлерінің айтуынша, бұл биылғы ең ірі өрт болып отыр. Адамдар уақытылы сыртқа шығарылып, өлім- жітім болған жоқ.

Өртке оранған сауда кешенінде «Вознесенский» бары мен мейманхана, «Польша жиһазы» дүкені, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қауымдастығы және тағы да бірнеше ұйым орналасқан. Жалға алушылардың шығындары әлі есептелген жоқ.

«Өрт ғимараттың ішіне таралмаған. Алайда үшінші қабаттың терезелері қарайып, кейбір жерлері жарылды», — деді өртке қарсы күрес департаментінің бастығы Оңғарбек Мұстафин.

Телерадиоарнаның ақпараты бойынша өрт кезінде өрт қызметкерлері пайдаланған судың күші жеткізілсіз болған. Сонымен қатар, өрт қызметінде тек бір мұнара болған, тағы да екеуі Қазақтелеком және Аксессэнергодан сұрап алынды. Өртті ауыздақтау үшін 9 көлік цистернасы, 3 көтергіш, 76 өрт қызметкері жұмылдырылды. Өрт жалыны сағат 15.00 ауыздықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті