Петропавлда сырттан әкелінетін көліктердің легі екі есе артқан - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда сырттан әкелінетін көліктердің легі екі есе артқан

Петропавлда сырттан әкелінетін көліктердің легі екі есе артқан

Петропавлда соңғы уақытта сырттан келген темір тұлпарлар легі екі есе артқан. Жол полициясы басқармасында әрбір бес минут сайын жаңа көлік тіркеуге қойылып жатыр. Жұрт 1шілдеге дейін үлгеріп қалуға тырысуда. Жеңілдетілген кедендік рәсімдеу мерзімі осы уақытта аяқталады. Қазір жол полициясында темір тұлпарды тіркеуге қою қиямет қайым. 

  • 4 Маусым 2011
  • 399
Фото - Caravan.kz


Сайран Мұрзатаев:

— Кезек көп, екі жігіт жүрміз, қайта-қайта ана-мына қағаздарды әкелуге жұмсайды, қайтып келгенде кезегіміз өтіп кетеді.

Көліктерін тіркеуге әкеліп, облыстық жол полициясы басқармасы ғимаратының алдын бір аптадан бері торуылдап жүргендер де бар. Келушілер санының артуына байланысты басқармадағылар да қалада көлік тіркейтін қосымша үш орын ашқан. Бірақ олар да үлгере алар емес. Көлік нарығындағы абыр-сабырдан кейін өңірде темір тұлпар бағасы 10-15 пайызға артқан. Оның өзінде жұрт шеттен әкелініп жатқандарының көбінің техникалық «жағдайы мәз емес»деп отыр.

Соңғы жаңалықтар