Caravan Logo

Петропавлда сырттан әкелінетін көліктердің легі екі есе артқан

Петропавлда сырттан әкелінетін көліктердің легі екі есе артқан


Сайран Мұрзатаев:

- Кезек көп, екі жігіт жүрміз, қайта-қайта ана-мына қағаздарды әкелуге жұмсайды, қайтып келгенде кезегіміз өтіп кетеді.

Көліктерін тіркеуге әкеліп, облыстық жол полициясы басқармасы ғимаратының алдын бір аптадан бері торуылдап жүргендер де бар. Келушілер санының артуына байланысты басқармадағылар да қалада көлік тіркейтін қосымша үш орын ашқан. Бірақ олар да үлгере алар емес. Көлік нарығындағы абыр-сабырдан кейін өңірде темір тұлпар бағасы 10-15 пайызға артқан. Оның өзінде жұрт шеттен әкелініп жатқандарының көбінің техникалық «жағдайы мәз емес»деп отыр.