Жарияланды: 480

Петропавлда такси жүргізушісін ұрып-соққаны үшін сотталып жатқан СІМ шенеунігінің адвокаты журналистерді сот залынан шығаруды талап етті

Петропавлда такси жүргізушісін ұрып-соққаны үшін сотталып жатқан ҚР СІМ шенеунігіМадияр Нұрхановтыңадвокаты журналистерді сот залынан шығаруды талап етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бейсенбі күні Петропавл қалалық сотының судьясы Жасұлан Қабыш бірінші сот отырысында ҚР СІМ құқық департаментінің кеңесшісі Мадияр Нұрханов ҚР ҚК 181 б. 2 б. «а» т. (зорлау арқылы жасалған бопсалау) және 257 б. 3 б. (атыс, газ немесе суық қаруды қолдану арқылы жасалған бұзақылық) бойынша сотқа берілгенін хабарлады. Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың сәуір айында Нұрханов Петропавл тұрғыны Ерік Қадырбаевпен юірге такси жүргізушісіне 400 теңге төлеуден бас тартып, жүргізушіні ұрып-соғып, көлігін зақымдаған. Бірінші сот отырысында сотталушының адвокаты Кенжебаева тергеу органдарының тергеу алды тексеру барысында мемлекеттік тілді қолданбау әрекеттерін заңсыз деп тану туралы өтініш беріп, сот өндірісін мемлекеттік тілде жүргізуді талап етіп, сот залынан БАҚ өкілдерін шығаруды талап етті. «Сот амалы барысында фотосуретке түсіру жүргізілетіндіктен, соның ішінде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық терроризмге қарсы тұру мәселелері бойынша халықаралық келіссөздерге қатысқан, қызмет етіп жүрген дипломат Нұрханов та фотосуретке түсірілетіндіктен, БАҚ өкілдерінің қатысуына тыйым салуды өтінемін», - деді Кенжебаева. «СІМ-ге дипломаттың мемлекеттік құпияларына баспасөзді жіберу туралы сұраным жіберуді өтінемін. Қазір бұл мәселеге салғырттық танытылса, мұның құқықтық салдары шығады. СІМ-нің арнайы бөліміне сұраным жіберуді өтінемін. Олай болмаса, мен жабық сот отырысын өткізу мәселесін көтеремін», - деді ол. Журналистердің «такси жүргізушісін ұрып-соғу бойынша істі қарау барысында қандай мемлекеттік құпия ашылуы мүмкін?» деген сұрағына Кенжебаева ответила: «Оның беті (Нұрхановтың - ҚазТАГ) – мемлекеттік құпия» деп жауап берді. Алайда судья Жасұлан Қабыш адвокаттың сот амалына журналистердің қатысуына тыйым салу туралы өтінішін кері қайтарып, тараптардың пікірін ескеріп, бейнетаспаға түсіруге ғана тыйым салды. Келесі сот отырысы 9 тамызда өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін