Петропавлда Тәуелсіздік ескерткішінің құрылысы басталды
Петропавлда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Тәуелсіздік ескерткішінің құрылысы басталды. |
Ескерткіш Қазақстан Конституциясы көшесі мен П.Васильев көшесінің қиылысында, облыстық әкімдік пен қалалық мәдениет және демалыс саябағының жанынан салынады. Жұмыстарды жеке инвестициялар есебінен Астанадан келген мердігер «Sunkar» ЖШС жүргізуде.
Ескерткіштің биікті 28,5 метр болады. Жоба авторлары Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қайраткері С.Бөкебай мен қазақстандық сәулетші Ғ.Нұрбаев.
Құрылыс жұмыстары осы жылғы тамыз айының басында аяқталады деп жоспарланған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін