Петропавлда телефон террорисі тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда телефон террорисі тұтқындалды

Петропавлда телефон террорисі тұтқындалды

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында 2003-жылдың 26-маусымы 14 сағат 45 минутта 02 телефоны бойынша белгісіз біру телефон шалып, "Универсам-1" дүкеніне жарылғыш зат орнатылғанын жеткізеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Маусым 2003
  • 484
Фото - Caravan.kz

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, хабарламаға сәйкес өткізілген арнайы шаралар нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ. Осыған байланысты жалған хабарлама таратып жұртты дүрліктіргені үшін қалалық ІІБ қызметкерлері кәмелкеттік жасқа жетпеген 1987-жылғы жасөспірімді ұстады.

Соңғы жаңалықтар