Петропавлда тонаушылыққа қатысы бар деп күдіктелген РФ тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда тонаушылыққа қатысы бар деп күдіктелген РФ тұрғыны ұсталды

Петропавлда тонаушылыққа қатысы бар деп күдіктелген РФ тұрғыны ұсталды

Петропавлда тонаушылыққа қатысы бар деп күдіктелген Ресей тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды сейсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) ІІД баспасөз қызметі.

  • 31 Мамыр 2011
  • 332
Фото - Caravan.kz

«Таңғы сағат 5 шамасында СҚО ІІД оперативті басқару пультіне облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны телефон соғып, бірнеше минут бұрын Астана көшесіндегі «Фантазия» дәмханасының қасында белгісіз төрт адамның оның қымбат ұялы телефонын тартып алып, соққыға жығып, көлікке мініп кетіп қалғанын айтты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жәбірленушінің дер кезінде полицияға хабарлауының арқасында патрульдік полиция батальонының қызметкері сипаттамаға ұқсас төрт жас жігітті ұстады. Олардың біреуі полицейлерді көре сала ұялы телефонға ұқсас затты жерге тастауға тырысқан. Кейін телефонның жәбірленушіден тартып алынған телефонға ұқсайтыны анықталды. Ұсталғандардың бәрі қалалық ІІБ-ге жеткізілді.

«Кейін ұсталғандардың бірі – РФ Түмен облысындағы бір ауылдың 21 жастағы тұрғыны дәмхананың қасында жәбірленушіге жақындап, қоңырау шалам деп телефонын сұраған. Қоңырау шалған, бірақ телефонды қайтарып бермеген. Жәбірленуші қайтаруды талап еткенде, жігіт өз достарын шақырған. Телефонның иесін соққыға жығып, «Жигули» көлігіне мініп, іздерін жасырған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полимцияның мәліметінше, ресейлік қалалық ІІБ-ның уақытша оқшаулағышына қамалды. Петропавл қаласының үш тұрғыны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

«Қазір күдіктінің қылмыстық өткенін анықтап жатыр. Ол өзінің бұл әрекетке қатты мас болғандықтан барғанын түсіндірген. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар