Жарияланды: 290

Петропавлда троллейбус бағанаға соғылып, бүтін бір аудан байланыссыз қалды

Петропавлда қала ішінде жүйткіген троллейбус телефон бағанасына соғылып, бүтін бір ауданды байланыссыз қалдырды. Түбінен опырылған бетон тіреу сол маңдағы тұраққа қойылған екі көлікті де басып қалған.     

Бетон бағананың астында қалған екі көліктің иелері қазір шығынды кімнен өндіріп аларын білмей дал. Олар бағананың иесі «Қазақтелеком»-ды кінәласа, бұл компанияның мамандары өз ретінде бар шығынды троллейбус паркі өтеуі тиіс деп отыр. Оқиға кеше кешкісін орын алса да, құлаған бағана  сол күйі жатыр. Байланыс компаниясының қызметкерлері енді сол маңдағы тұрғын үйлер мен 2 ірі кәсіпорынды қосымша телефон желісіне қоспақшы. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін