Петропавлда троллейбус паркі жаңаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда троллейбус паркі жаңаланды

Петропавлда троллейбус паркі жаңаланды

Петропавл троллейбус паркі техникасын жаңалай бастады. "Петропавл троллейбус паркі" АҚ-ның президенті Николай Петровтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, кеше, 7-қаңтарда Уфа троллейбус зауытында сатып алынған жаңа троллейбус қаладағы маршруттардың біріне шықты.

  • 8 Қаңтар 2004
  • 428
Фото - Caravan.kz

Н.Петровтың айтуынша, бұл кәсіпорынның жеке қаржысы мен несиелер есебінен сатып алған үшінші троллейбусы, оны сатып алуға 7 млн. теңге жұмсалды. АҚ президентінің атап көрсетуінше, Петропавл троллейбус паркі — мемлекет көмегіне жүгінбей-ақ, техникасын өз күшімен жаңалап отырған еліміздегі осындай профильді бірден-бір кәсіпорын.

Мамандар жаңа машинаны қауіпсіз әрі жанға жайлы деп бағалады. Атап айтсақ, онда қақаған қыста айрықша маңызды саналатын салонды жылыту жүйесі күшейтілген. Салонға 114 жолаушы сыяды, жолаушылардың отыруына арналған 28 орын бар.
Троллейбус паркінің басшылығы оқу жылы барысында мектеп оқушыларын жаңа троллейбуспен тегін тасымалдауға шешім қабылдады. Жалпы алғанда Петропавлда троллейбустар қатынайтын бес бағыт бар. Троллейбус паркінде 45 техника саналған, алайда, күнделікті бағытқа 30-ы шығады.

Соңғы жаңалықтар