ТЖ орнына келген өр сөндірушілер екі пәтерлі үйдің бірі лаулап жанып жатқанының үстінен түсті, газ баллоны жарылды деген қауіп бар.
Құтқарушылар жанып жатқан үйден 3 газ баллонын алып шықты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалын 105 шаршы метрді шарпыды. Екінші пәтерді өрттен сақтап қалып үлгерді.
Өрт сөндіруге жеке құрамнан 17 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқиғаның себебі анықталуда.