Жарияланды: 930

Петропавлда тың игерудің 50 жылдығына арналған кітап шағарылды

Петропавлдағы "Полиграфия" ААҚ тың игерудің 50 жылдығына арнап "Тыңның алтын кітабы" атты кітап басып шағарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Мұндай кітап шығару туралы бастаманы тың игеруші ардагерлер көтерген. Ұсынысты Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі қолдады. Кітапта тың игерушілер туралы очерктер жинағы жарияланып отыр. Сондай-ақ, оған соңғы бірнеше жылдағы жер ресурстарын игеру туралы ақпараттар да қамтылды. "Тыңның алтын кітабы" Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұровтың алғысөзімен басталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін