Петропавлда Үкілі Ыбырай ақынға арналған шағын бақ пен ақынның ескерткіші салтанатты түрде ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда Үкілі Ыбырай ақынға арналған шағын бақ пен ақынның ескерткіші салтанатты түрде ашылды

Петропавлда Үкілі Ыбырай ақынға арналған шағын бақ пен ақынның ескерткіші салтанатты түрде ашылды

Сәрсенбіде, 8 желтоқсан күні Петропавлда халық ақыны-композитор Үкілі Ыбырайға арналған шағын бақ пен ақынның ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Оның ашылуына облыс әкімі Серік Біләлов қатысты.

  • 9 Желтоқсан 2010
  • 725
Фото - Caravan.kz

Бұл күндері ел бойынша дарынды композитор әрі ақын Үкілі Ыбырайдың 150 жылдығы кеңінен аталып өтілуде.

«Үкілі Ыбырайдың тағдыры Солтүстік Қазақстан жерімен тығыз байланысты. Оның балалық шағы СҚО-ның Айыртау ауданында өтті. Үкілі Ыбырайдың шығармашылығы қазақ музыкасы мен әдебиетінің жарқын көрінісі. Ақынның «Гәкку», «Арарай», «Дүние», «Шалқыма», «Көкше» әндерін әрбір қазақ халық әні деп орындап жүреді», — деді іс-шараға қатысқан аймақ басшысы.

Салтанатты іс-шараға қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Кәкімбек Салықов, ақынның шөбересі Елемес-апа қатысты.

Перейти к новостям спорта