Кеңесті өткізудегі басты мақсат — Қазақстандық кәсіпорындардың ірі жобаларға атсалысу үлесін арттыру, Қазақстан экономикасын өнім экспорттауға және өндіріске халықаралық стандарттарды енгізуге бағыттау болмақ.
Сондай-ақ, үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысын жұмыс бабымен аралап, аймақтағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысады.