Петропавлда жанармай бекетіне шабуыл жасап, тонаған нашақорлар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жанармай бекетіне шабуыл жасап, тонаған нашақорлар ұсталды

Петропавлда жанармай бекетіне шабуыл жасап, тонаған нашақорлар ұсталды

Петропавл қаласында «Эталон» жанар-жағармай бекетін тонаған қылмыскерлер қолға түсті. Бекетке шабуылдаған екі нашақор болып шықты. 

  • 2 Желтоқсан 2015
  • 548
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.

Еске салайық, осыдан үш апта бұрын Солтүстік Қазақстан облысының орталығындағы «Эталон» жанармай бекетіне шабуыл жасалған болатын. Қылмыскерлер миллион теңгеден астам қаражатты қолды қылған еді.

«Бұл қылмыс облыстық ІІД бастығы Берік Биляловтің тікелей қадағалауына алынды. 29 қараша күні қалалық ІІБ қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері мен облыстық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел өкілдері бірлесе отырып, қылмыстық істің бетін ашты», — деді Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының бастығы Анатолий Мұрзықанов. Оның айтуына қарағанда, аталған қылмыстық іс бойынша қала маңында тұратын 37 және 25 жастағы екі азамат ұсталған. Олардың екеуі де нашақор, біреуі бұрын сотталған екен.

Тергеу барысында күдіктілердің өздері тонаған қаражаттың барлығын есірткі сатып алуға, қыдыруға жұмсағаны анықталған. Ұсталғандар өздерінің не үшін қарақшылық шабуылға барғандарына түсінік беруден де бас тартқан.


«Қазіргі таңда олар қалалық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған.  Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-і бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  Бапқа сәйкес, қылмыскерлер бестен он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылып, мүліктері тәркіленуі мүмкін», — дейді ІІБ басшысы. 

Соңғы жаңалықтар