Қаланың Орталық алаңында ең басты жаңа жылдық шырша мен мұз қалашығы салынып жатыр. Сол жерде 20 метрлік шырша орнатылған.
Биылғы жылы алғаш рет сырғанақ ашылды. Қалалық әкімдік пен жеке кәсіпкердің бастамасы бойынша бұл жерде коньки жалға беріліп, мұз айдынының үстінен әдемі әуен ойнап, жарық-шамдар ұйымдастырылған. Киім ауыстырып, жылынып, шай ішіп алуға болатын арнайы бөлме де бар.
Қалалық Жеңіс саябағында қала тұрғындары Жаңа жыл мен 7-ші қысқы Азиада ойындарына арналған қардан жасалған әдемі мүсіндерді тамашалай алады, ал Азиада алауын алып өтетін Кәрім Сүтішов атындағы көше бойында Азиада ойындарының символдары көрініс тапқан.