Петропавлда жасөспірімдер арасындағы қылмыстық көрсеткіш азайды - қала әкімшілігі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жасөспірімдер арасындағы қылмыстық көрсеткіш азайды - қала әкімшілігі

Петропавлда жасөспірімдер арасындағы қылмыстық көрсеткіш азайды - қала әкімшілігі

Петропавлда жасөспірімдер арасындағы қылмыстық көрсеткіш әжептәуір азайды. Бұл туралы кәмелеттік жасқа жетпегендердің құқығын қорғау жөніндегі қалалық комиссия жұмысының қорытындысына арналған кеңесте айтылды. Кездесудің егжей-тегжейі туралы KZ-today тілшісіне қала әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Орловская хабарлады.

  • 30 Желтоқсан 2003
  • 803
Фото - Caravan.kz

Комиссия төрайымы, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Тотыкамал Құлжанованың айтуынша, комиссия жұмысының басты нәтижесі ретінде облыс орталығында жасөспірімдер арасындағы қылмыстық көрсеткіштің тұрақты төмендеп, өткен жылғы 242 оқиғадан биыл 162-ге дейін азаюын атауға болады.

Қаладағы бірнеше мектеп пен колледжде биыл құқық бұзушылық оқиғасы мүлдем тіркелген жоқ. Т.Құлжанованың айтуынша бұл да қаладағы ұйымдар мен комиссияның бірлескен жұмысының нәтижесі болмақ.
Алайда, Петропавл қаласының әкімі Владимир Никандровтың айтуынша, осындай оңды өзгеріске тоқмейілсуге болмайды. Қала әкімі осы орайда 470-тен астам жасөспірімнің ІІББ-да, ал 336 жасөспірімнің есірткіге қарсы күрес орталығында тіркеуде тұру дерегіне алаңдаушылық білдірді. Қылмыстық әрекетке барған 58 жасөспірім еш жерде оқымайды әрі жұмыс істемейді екен.
Петропавл қаласының әкімі барлық мекемелердің жұмысын өзара нақты үйлестіріп, жастардың бос уақытын өткізу жағдайына баса назар аударуға шақырды. «Біз құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыс-қайшылықпен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама талаптарын бұлжытпай орындауға міндеттіміз»,- деді В.Никандров. Ол «мәселеге жан-жақты зерттеу жүргізіп, әрбір жасөспірімнің тағдыры туралы және оны қылмысқа итермелеген жағдаяттар туралы жақсылап тұрып ойлану қажеттігіне» тоқталды.

Соңғы жаңалықтар