Жаңа орталық бірнеше бағытта жұмыстар жүргізеді деп межеленген. Ең әуелі, кризистік стационар ашылып, онда мінез-құлқында өзгерістер байқалған жасөспірімдер екі апта бойы сауықтырудан өтеді. Осы мерзімде орталық мамандары оларға дәрігерлік, заңгерлік, педагогикалық және психологиялық көмектер көрсетіп, қажетті жағдайда әлеуметтік жәрдем көрсетуге де түрткі болады. Сондай-ақ, тегін сенім телефонын іске қосу көзделіп отыр. Сонымен қатар жастарға, және жұмысы жастарға қатысты барлық мүдделі жандарға тегін ақыл-кеңестер беру жұмысы ұйымдастырылады.
Осындай орталық ашу — облыстық жастар ұйымдары Қауымдастығының тендерде жеңіске жетуі нәтижесінде мүмкін болды. 16 орынға есептелген кризистік орталықта алғашқы жастар тобы қыркүйек айында жиналады деп болжануда.