Петропавлда жатырдағы жеті айлық сәбиді қылмыстық жолмен алып тастауға бағытталған әрекет баланың өлімімен тәмамдалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жатырдағы жеті айлық сәбиді қылмыстық жолмен алып тастауға бағытталған әрекет баланың өлімімен тәмамдалды

Петропавлда жатырдағы жеті айлық сәбиді қылмыстық жолмен алып тастауға бағытталған әрекет баланың өлімімен тәмамдалды

Петропавлда жатырдағы жеті айлық сәбиді қылмыстық жолмен алып тастауға бағытталған әрекет баланың өлімімен тәмамдалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қазан 2004
  • 934
Фото - Caravan.kz

25-қазанда облыстық балалар ауруханасына бір беймәлім әйел шала туған шарана қызды әкеліп берген. Дене қызуы 33 градусқа дейін көтерілген сәби аса ауыр жағдайда болған. Дәрігерлер қолдан келген бүкіл айла-шарғысын қолданып бақса да, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмай қалды.

Тәртіп сақшылары бала анасының аты-жөнін анықтады. 22 жастағы Петропавл тұрғыны жатырындағы жеті айлық сәбиді танысының көмегімен үйде түсік тастау жолымен алып тастауға әрекет жасағанын хабарлаған. Мұндай қылмыстық әрекетке қолдың қысқалығы мен жағайының жариялы болуынан қорқу себепші болғанын алға тартқан.
Тәртіп сақшылары тергеу барысында баланың туылған жері мен әрекетті жүзеге асырғандардың аты-жөнін анықтады. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.
Бұл Петропавлдағы ойланбай от басқан жас қыз-келіншектердің баладан құтылуға бағытталған осындай екінші оқиға. Қазан айының басында қаладағы саябақтардың бірінен табылған қызды дәрігерлер аман сақтап қалды. Қазір ол балалар үйінде тәрбиеленуде.

Перейти к новостям спорта