Петропавлда жер үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан бір отбасы түгел қырылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда  жер үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан бір отбасы түгел қырылып қалды

Петропавлда жер үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан бір отбасы түгел қырылып қалды

Петропавлда үй өртеніп, бүтін бір отбасы қырылып қалды. Өрттің шығуына электр сымдар жүйесінің қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

  • 28 Ақпан 2018
  • 137
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sn.kz СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға қала іргесіндегі Жұмысшы кентінде болыпты. Өрт сөндірушілерге хабар түнгі сағат бірлер шамасында келіп түскен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде үйдің қабырғасы мен заттар жанып жатқан, қатты түтін шаққан. Өртті сөндіру барысында 1977 жылғы үй иесі мен оның екі баласы — 2013 жылғы ұл мен қыз өлі күйінде табылған. Олар үйден эвакуацияланып, жедел жәрдем қызметкерлеріне берілген. Денелері сот-мединицалық сараптамаға жіберілді», — делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өрттің шығуына электр сымдар жүйесінің қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы мен материалдық залалы анықталып жатыр. 


Соңғы жаңалықтар