Петропавлда жол апатының салдарынан 3 адам опат болды
Жексенбі күні Петропавлда жол-көлік оқиғасының салдарынан үш адам опат болды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінен. |
Көлік апаты таңғы сағат 4.00 шамасында Жамбыл және Карл Либкнехт көшелерінің қиылысында орын алды - «Ауди-80» және «Мерседес» көліктері соқтығысып қалды. Алдын-ала анықтаулар бойынша, «Ауди» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Мерседеспен» соқтығысып қалған.
Оқиға салдарынан «Аудидің» бір жолаушысы - 29 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмған, тағы бір жолаушы - 26 жастағы бойжеткен ауруханада қайтыс болған.
«Мерседестің» 24 жастағы жүргізушісі ауыр жарақатпен ауруханада жатыр.
Ағымдағы жылдың 6 айында облыс аумағында 112 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оларда 15 адам қаза болған, 142 адам жараланған. Былтыр осы кезеңде 112 көлік апаты тіркеліп, оларда 23 адам көз жұмған, 130 адам жараланған болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін