Петропавлда жылу магистральдарын жөндеу және алмастыру мақсаттарына 175 млн. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жылу магистральдарын жөндеу және алмастыру мақсаттарына 175 млн. теңге бөлінді

Петропавлда жылу магистральдарын жөндеу және алмастыру мақсаттарына 175 млн. теңге бөлінді

Петропавлды жылу энергиясымен қамтамасыз етуші "Аксесс Энерго-Теплотранзит" кәсіпорны жылу магистральдарын жөндеу және алмастыру мақсаттарына 175 млн. теңге бөлді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне кәсіпорынның бас инженері Анатолий Лодосенко хабарлады.

  • 16 Маусым 2004
  • 481
Фото - Caravan.kz

Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 25 млн. теңгеге артық. Қала бойынша түрлі диаметрлі 15 шақырым құбыр ауыстырылып, олар толықтай изоляцияланады.

Қазіргі жағдаймен межелі жұмыстардың бестен бір бөлігі атқарылды, жөндеу жұмыстары қыркүйек айының орта шенінде аяқталады деп күтілуде. А.Лодосенконың айтуынша, қалалық әкімшілікпен келісілген жұмыс кестесі тұтынушылар мүддесіне сәйкестендірілген. Ол бойынша белгілі бір учаскені жылы судан ажырату мерзімі 10 күннен аспауы тиіс.