«112 номеріне Ульянов көшесінде ыстық су құбырының жарылғаны туралы хабар келіп түсті. 5 минут ішінде ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жетті. 3 тұрғын үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Барлығы 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды, олардың 3 бала. Апат салдарынан 4 көше жабылды», — деп хабарлады СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Виктор Держанский.
Алдын ала мәлімет бойынша, апат жылу желілерінің тозуы салдарынан орын алды.