Петропавлдағы көп қабатты үйлердің бірінде бензин құйылған бөтелке жарылған - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдағы көп қабатты үйлердің бірінде бензин құйылған бөтелке жарылған

Петропавлдағы көп қабатты үйлердің бірінде бензин құйылған бөтелке жарылған

Петропавлдағы көп қабатты үйдің бірінде жарылыс болды.

  • 30 Мамыр 2011
  • 396
Фото - Caravan.kz

«26-мамыр күні түнгі сағат бірлер шамасында панель үйдің бірінші қабатындағы екі бөлмелі пәтерде жарылыс болып, бөлмелердің арасындағы қабырға зақымданған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бастапқы деректер бойынша, жарылыс бензин буынан болған», — деп дүйсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев мәлім етті.

Ал, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Спартак Қабденовтың айтуынша, жарылыстан кейін осы пәтерді жалға алған 39 жастағы ер адам ұсталған.
Оның айтуына қарағанда, түнде «кездейсоқ таныстары» ас үйде дезоморфин қайнатқан көрінеді. Нашақорлар есірткіге бензин қосқан.
«Жарылыстан кейін олардың үшеуі де қашып кеткен. Қазір оларға іздеу жарияланды», — деді С.Қабденов.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғау үшін материал жинақталып жатыр.
Келтірілген шығын мөлшерін есептеу үшін сараптама тағайындалды.