Петропавлдағы "ПЗТМ" АҚ жылжымалы бұрғылау қондырғысын жасауға тапсырыс алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдағы "ПЗТМ" АҚ жылжымалы бұрғылау қондырғысын жасауға тапсырыс алды

Петропавлдағы "ПЗТМ" АҚ жылжымалы бұрғылау қондырғысын жасауға тапсырыс алды

2003-жылы Петропавлдағы "ПЗТМ" АҚ бес бірдей жылжымалы бұрғылау қондырғысын жасауға тапсырыс алады деп күтілуде. Қазіргі жағдаймен зауыт аталмыш қондырғыларды өндіруді табысты игере білді. Өзен кенішінде соңғы сынақтан өткен қондырғының тәжірибелік үлгісін біржола қабылдап алу құжатына өткен аптада үкімет басшысы Даниал Ахметов қол қойған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ПЗТМ" АҚ бас директорының бірінші орынбасары Владимир Ковшов хабарлады.

  • 12 Қараша 2003
  • 526
Фото - Caravan.kz

«ПЗТМ» АҚ құрастырған МБУ-125 маркалы жылжымалы бұрғылау қондырғысының алғашқы үлгісінің ресми тұсаукесері Петропавлда 2003-жылдың жазында өткен. Ал осындай қондырғыларды өндіре бастау туралы шешім осыдан бір жыл бұрын қабылданды.

Сынақ мақсатындағы үлгінің алғашқы бұрғылау жұмыстары 2002-жылдың қазан айында Өзен кенішінде жүзеге асырылды. Тоғыз айдан кейін бұрғылау кешені өндірістік мақсатта сынақтан өткізу үшін қайтадан кенішке жіберілді.
В.Ковшовтың айтуынша, «ПЗТМ» АҚ мен тапсырыс беруші мұнай өндіруші компаниялардың өкілдері бірнеше күннен кейін кездескелі отыр. Болашақ тапсырыстың жалпы құны әзірге белгісіз. Дейтұрғанмен, В.Ковшовтың айтуынша, бұл мөлшер 2,5 -3,3 млрд. теңге аралығында болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар