Петропавлдағы қаржы пирамидасына 1 мыңнан аса адам қатысқан, ең үлкен салым Т11 млн құраған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдағы қаржы пирамидасына 1 мыңнан аса адам қатысқан, ең үлкен салым Т11 млн құраған

Петропавлдағы қаржы пирамидасына 1 мыңнан аса адам қатысқан, ең үлкен салым Т11 млн құраған

Петропавлда бір мыңнан аса адам қаржы пирамидасына қатысқан, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) ІІД баспасөз қызметі.

  • 7 Маусым 2011
  • 395
Фото - Caravan.kz

Қаржы пирамидасының қағидасы бойынша қызмет еткен «КазРосИнвестПроект» ШНҰ қызметін СҚО ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының (ҰҚКБ) оперативті қызметкерлері тоқтатты.

«100 мың теңге салып, бір айда 300 мың теңге табыс табуды ұсынған шағын несиелік ұйымы қалада бір аптаға жетер-жетпес уақыт жұмыс істеп, 24 мамырда жабылды. Қаланың орталығында орналасқан ЖШС-тің қызметін тексерген ҰҚКБ қызметкерлері бірқатар бұзушылықтарды анықтаған. ЖШС өкілдерінен тәркіленген құжаттар бойыша ұйымның СҚО-дағы қызметі заңсыз болған. СҚО әділет департаменті бірқатар бұзушылықтарға байланысты күмәнді серіктестіктің қызметін тіркеуді тоқтатқан», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, ішкі істер органдарына пирамидаға ақшаларын салған азаматтардан 10 өтініш түсті.

«Алайда тәркіленген тізімдерге қарағанда, Петропавлдағы қаржы пирамидасына 1000-нан аса адам қатысқан, олардың басым бөлігі – Көкшетау тұрғындары. Азаматтардың көбі салым жасау үшін туыстарынан қарыз алып, көліктерін сатып, банктен несие алған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

СҚО ІІД ҰҚКБ бөлім бастығы Абай Оспановтың айтуынша, «салымдардың сомасы Т100 мыңнан Т1млн-ға дейін барған. 50-ден аса адам Т1 млн-нан да көп салым жасаған. Бір адам жасаған ең ірі салым – 11 миллионтеңге».

«Қаржы пирамидасының қызметі бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұрын хабарланғандай, Көкшетауда алаяқтық жасады деген күдікпен «КазРосИнвестпроект» ЖШС қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Бақыт Әділова ұсталды. салымшылар Б. Әділованың қамауға алынуымен келіспей отыр, олар пирамиданы ұйымдастырушыларға халықтың ақшасын қайтаруға мүмкіндік беру керек деген пікірде. 4 маусымда «КазРосИнвестпроект» салымшылары қалалық сот ғимаратының алдына жиналып, компанияның құрылтайшысын босатуды талап етті.

Еске сала кетейік, Көкшетаудың «Алатау» сауда орталығында орналасқан ұйым соңғы 3 ай бойы лицензиясыз жұмыс істеген. Халықтан займдар алып, бір айдың ішінде 3,5 есе көбейтіп қайтарған.

Қазір фирманың есепшоттары қамауға алынды. Ұйымның басшыларына қатысты ҚР ҚК 177 б. 2б. «а» тармағы бойынша (алдын ала сөз байласу арқылы топтасып жасалған алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар