Петропавлдағы тоқтан оқшаулаушы бұйымдар өндіретін кәсіпорын қазіргі заманғы дәнсепкіштер өндіруді игерді - kaz.caravan.kz
  • $ 521.81
  • 543.67
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдағы тоқтан оқшаулаушы бұйымдар өндіретін кәсіпорын қазіргі заманғы дәнсепкіштер өндіруді игерді

Петропавлдағы тоқтан оқшаулаушы бұйымдар өндіретін кәсіпорын қазіргі заманғы дәнсепкіштер өндіруді игерді

Бұған дейін тек профильдік өнімдер өндіруге машықтанып келген Петропавлдағы тоқтан оқшаулаушы бұйымдар өндіретін кәсіпорын қазіргі заманғы дәнсепкіштер өндіруді игерді. Сынақ мақсатымен шығарылған алғашқы өнім Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы далалық шаруашылықтардың бірінде жұмысқа жегіліп тәжірибеден өту нәтижесінде мамандардың жоғары бағасына ие болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне кәсіпорынның бас директоры Сергей Григоренко хабарлады.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 688
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, мұндай жаңа өнім түрін игеру — кәсіпорын құрамындағы жөндеу-механикалық зауытының жұмысын қайтадан жандандыру нәтижесінде мүмкін болды. Зауыттың стандарттан тыс өнімдер өндіретін цехына жаңа станоктар орнату нәтижесінде жыл соңына дейін өндіріс қуатын жылына 40 дәнсепкіш өндіру мөлшеріне дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

Қазір зауыт жұмысшылары алғашқы үлгі сыналғаннан кейін тағы да үш агрегат өндіруге кірісті. Жаңа өнімге арналған гидроцилиндрлер Петропавлдағы ауыр машина жасау заытынан жөнелтілсе, басқа да кейбір бөлшектері Пенза қаласындағы бір зауыттан әкелінуде.
Бункерінің сыйымдылығы 1,5 тоннаны, игеретін алқаптың ені 6 метрді құрайтын жаңа дәнсепкіштің өнімділігі сағатына 6 гектарды құрайды. Сондай-ақ. С.Григоренконың айтуынша, астық топыраққа ауа ағынымен үрленетіндіктен, тұқым егістік алқабына біркелкі таралады. Жаңа агрегатты бір адам ғана басқарады.
Дәнсепкіштің құны шамамен 6 мың доллар. Көктемге дейін зауыттағылар облыстағы ауылшаруашылығы өнімін өндірушілермен келісім-шартқа отырып, өндірген агрегаттарын сатуға кіріспекші.