Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, облыс орталығының тұрғыны ауылдан келген бірнеше қызға Петропавлдан айына 10 мың теңге жалақысы бар бала бағушының жұмысын тауып беремін деп уәде берген. Оның орнына әлгі әйел қыздарды жезөкшелер ретінде пайдаланып келген.
Біреуі кәмелеттік жасқа жетпеген қыздар екі ай бойы жалдамалы пәтерлерде тұрған. Олардың тапқан ақшасын Татьяна алып отырған. Қыздарды ол қорқытып-үркіту , ұрып-соғу арқылы бағыныштылыққа мәжбүрлеген. Қыздардың бірі қашып кетуге әрекет жасағанымен, жүзеге аспаған.
Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бірнеше қыздың ата-анасы олардың қайда жұмыс істейтінін тексеруге әрекет жасауының нәтижесінде ғана қылмыстың бетін ашуға мүмкіндік жасалды.
Ата-аналарды өзінің кішкентай балаларымен бірге күтіп алған Татьяна қыздардың жұмыс орны осы деп көрсеткен. Алайда, бұған сенбей, күдіктенген ата-аналар полицияға арыз береді.
Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде.