Петропавлдың жүйкесі ауру азаматы жедел жәрдем көлігін айдап әкеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдың жүйкесі ауру азаматы жедел жәрдем көлігін айдап әкеткен

Петропавлдың жүйкесі ауру азаматы жедел жәрдем көлігін айдап әкеткен

Петропавлда психиатриалық диспансерде есепте тұрған 40-жастағы жергілікті тұрғын емхананың аумағынан жедел жәрдем" көлігін айдап әкеткен,деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

  • 7 Шiлде 2011
  • 470
Фото - Caravan.kz

«Түскі сағат бір шамасында 4-ші қалалық емхананың аумағынан біреу «жедел жәрдем» көлігін айдап кетіп қалған. Мещанский орманы ауданында полиция қызметкерлері оны қуып жетіп, жолын бөгеген. Ол Петропавлдың жүйке ауруына ұшыраған азаматы болып шықты», делінген бейсенбіде таралған хабарламада.

Ол полицияға Мамлютка селосына саңырауқұлақ теруге шыққандығын айтқан.
Ұсталған жігіт көлікті мас күйінде айдағандығы үшін әкімшілік жауапқа тартылды, қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.

Соңғы жаңалықтар