Петропавлдық 8 жасар қыз циркке барып, омыртқасын сындырды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдық 8 жасар қыз циркке барып, омыртқасын сындырды

Петропавлдық 8 жасар қыз циркке барып, омыртқасын сындырды

Петропавлда чехиялық шапито циркінің гастролі кезінде 8 жасар қыз бала омыртқасын сындырып алды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) ІІД-нің баспасөз қызметі.

  • 8 Шiлде 2011
  • 759
Фото - Caravan.kz

Полицияның мәліметінше, қыз бала гастролі жұма күні басталған чехиялық цирктің көрінісінде болған үзіліс кезінде 2 метрлік биіктіктен құлап кеткен.

«Антракт кезінде әжесі немересімен бірге әткеншекпен цирктің күмбезіне көтерілгісі келді. Оларды қауіпсіздік белдіктерін тағып, әткеншекті тербетіп, 2 метр биіктікке көтерген. Бірнеше секундтан кейін әткеншек үзіліп, төменге құлады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, әжесі жеңіл жарақат алған, ал қыз баланың үш омыртқасына зақым келіп, омыртқасы сынып кеткен. Дәрігерлер әзірге болжам жасамай отыр, олардың айтуынша, бала ұзақ уақыт емделіп, оңалу процесінен өтуге тиіс.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарақат алған баланың ата-анасы полицияға шапито циркінің басшылығын жауапқа тарту туралы арыз жазды.

«Бірнеше сараптама, соның ішінде әткеншектің техникалық сараптамасы өткізіледі, бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, куәгерлер мен цирк әртістерінен жауап алынуда. Цирктің лицензиясының бар-жоқтығы да тексеріліп жатыр», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Цирк жұмыскерлері ресми түсініктеме беруден бас тартты, болған оқиғаға байланысты гастрольдері тоқтатылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар