Петропавлдық әйел телефон алаяқтарына Т100 мың төледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдық әйел телефон алаяқтарына Т100 мың төледі

Петропавлдық әйел телефон алаяқтарына Т100 мың төледі

Петропавлдық әйел телефон алаяқтарына Т100 мың төледі, деп СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Маусым 2011
  • 286
Фото - Caravan.kz

«Жексенбі күні Петропавлдың 55 жасар әйелінің үй телефонына белгісіз біреу телефон шалып, өзін тергеушімін деп таныстырып, оның ұлы қылмысы үшін ұсталғанын хабарлаған. Ол мәселені оң шешу үшін жалған полицей ірі сомадағы ақша сұраған», — деді баспасөз қызметінен.

Оған әйел тек Т100 мыңы барлығын айтқан.

«Егер сіздің ұлыңызды тез арада тергеуші келмей тұрып кепілге босатып жіберсін десеңіз, сіз қазір мен жіберетін адам арқылы сол 100 мың ақшаны беріп жіберіңіз, ал қалғанын кейін менімен кездескенде бересіз», — деп бейтаныс адам телефонын қоя салған.

Полицейлердің мәліметтерінше, бейтаныс адам ол әйелден ешқайда телефон шалмауын, және телефонды бос ұстап тұруын сенімді түрде сұраған. Әйелдің өзі адресті айтып, сол жерге бейтаныс адам келіп, ақшаны алып кеткен.

«Ақшаны беріп жіберген соң, зардап шегуші алаяқтың номеріне телефон шалып, соның өтініші бойынша карточка сатып алып, карточканы іске қосу номерлерін айтып берген. Ол алданғанын кешкісін ұлының жұмысына телефон шалған соң бірақ білген», — дейді баспасөз қызметінен.

Полициядағылар Петропавлда телефон алаяқтығы жиілеп кеткенін айтып отыр. Тек соңғы аптада үш адам осындай алаяқтардың құрбаны болды. Олардың барлығы да жоғарыдағы айламен алданып отырған.

«Аталған фактімен қылмыстық іс қозғалып, полициядағылар ортадағы жүрген делдалды іздестіруде», — деп баспасөз қызметінен хабарлады.

Соңғы жаңалықтар