Петропавлдық тұтынушылар өткен жылыту маусымы үшін Т318 млн қосымша төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдық тұтынушылар өткен жылыту маусымы үшін Т318 млн қосымша төлейді

Петропавлдық тұтынушылар өткен жылыту маусымы үшін Т318 млн қосымша төлейді

Петропавлдық тұтынушылар өткен жылыту маусымы үшін Т318 млн қосымша төлейді, деп мәлім етті «Северо-Казахстанский Энергоцентр» ЖШС директоры Еділ Көпенов.

  • 15 Шiлде 2011
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Халық 318 млн теңге, заңды тұлғалар 115 млн теңге,соның ішінде бюджеттік ұйымдар 44 млн теңге төлеуге тиіс», — деді Е. Көпенов жұма күні қала әкімдігіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап көрсетуінше, тұтынушылардың есепшоттарында көрсетілген сомаларға 1 қазанға дейін өсімақы есептелмейді.

Е. Көпеновтың айтуынша,2010 жылдың қазан айынан бастап жылу ақысы 1ш. м-геТ81,27, 1 т. м суды жылыту – Т135,4, есептегіш құралдарсыз ыстық сумен қамту бір адамға айына Т433,45 құрайды.

Бұрын хабарланғандай, «Севказэнерго» АҚ-ына кіретін кәсіпорындар ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) 2010 жылдың тамызында енгізілген тарифті көтеруге тыйымына қарсы сотқа арыз берді.

Өткен жылдың жазында «Петропавл жылу желілері» ЖШС, «СевКазЭнерго» АҚ және «Северо-Казахстанский энергоцентр» ЖШС жылу қуатын жеткізу және тарату, жылу қуатын өндіру және жылумен қамту қызметтеріне қолданыстағы тарифтерді сәйкесінше 47,5%, 11,8% және 8,4% өсіруді қарастыратын өтініш берді. Бұл жылу қуатымен қамтуға ақырғы тарифті 28,2%-ға қымбаттататын еді.

Алайда ТМРАД тарифтерді бұрынғы деңгейде бекітті. Монополист кәсіпорындардың өкілдері монополияға қарсы департаменттің шешіміне қарсы СҚО ауданаралық экономикалық сотына арыз берді.

Бір жылға созылған сот дауының нәтижесінде сот СҚО бойынша ТМРАД-тың 2010 жылдың 24 тамызындағы 2010 жылдың 1 қазанынан 2012 жылдың 30 қырқүйегіне дейін жылу қуатын жеткізу және тарату қызметтеріне «Петропавл жылу желілері» ЖШС тарифін және тарифтік сметасын бекіту туралы» бұйрығының кейбір баптарының күшін жою туралы шешім қабылдады.

Осыған байланысты энергетиктер өткен жылыту маусымы үшін төлемді қайта есептеді.