Петропавлдық жасөспірімнің ата-анасы Т80 мың төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдық жасөспірімнің ата-анасы Т80 мың төлейді

Петропавлдық жасөспірімнің ата-анасы Т80 мың төлейді

Телефон арқылы интеллектуалдық қызметтерді пайдаланған петропавлдық жасөспірімнің ата-анасы Т80 мың-нан астам қаржы төлейтін болды, деп СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Маусым 2011
  • 361
Фото - Caravan.kz

«Петропавлдың ІІД-не облыс орталығының тұрғынынан шағым түсіп, онда ол «Қазақтелекомнан» телефонды пайдаланғаны үшін 81500 теңге төлеу керектігін ескерткен шот келгенін айтыпты. Ол тұрғын өзі телефонмен мұншама пайдаланбағаны себепті полицейлерден осы мәселенің анық-қанығын ажыратып беруін сұрапты», — деді баспасөз қызметінен.

Азрыз берушінің 17 жасар ұлы, осыншама қымбатқа түскен телефон сұхбаттары оның істегені екенін мойындады. Ол әлеуметтік желіде Кристина есімді қызбен танысқанын және ол қыз бұған сұхбатты телефон арқылы жалғастыра берейікші деген ұсыныс айтқанын жеткізді.

«Жалпы алғанда ол телефонмен 4 сағаттан астам уақыт сөйлескен. Мектеп оқушысы мойындағандай, Кристина оған бұл сұхбат қымбат еместігін, қосылу 9 теңге екендігіне сендіріпті. Жасөспірімнің айтуынша, бейтаныс қыз сұхбаттың бір минутының қанша тұратынын ескертпепті. «Қазақтелеком» берген шотта телефон байланысы қандай да бір «Толокняник, телефон арқылы интеллектуалдық қызмет» ЖК-мен жасалыпты», — деді баспасөз қызметінен.

Нәтижесінде интеллектуалдық деп аталатын сұхбаттың бір сағаты Т20 мыңға түсіп отыр.

Полицейлер осындай жағдай жақында Ғ. Мүсірепов ауданында орын алғанын айтады. Ол кезде аудан тұрғыны қызықты сұхбаты үшін Т60 мың төлепті.

Соңғы жаңалықтар