Петропавлдық жігіт ота жасатпай-ақ әйелге айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдық жігіт ота жасатпай-ақ әйелге айналды

Петропавлдық жігіт ота жасатпай-ақ әйелге айналды

Естімеген елде көп. Солтүстік Қазақстан облысында ер адам ешқандай отасыз-ақ құжаттарын ауыстырып, бір мезетте әйел болып шыға келді, де

  • 25 Сәуiр 2017
  • 476
Фото - Caravan.kz

Естімеген елде көп. Солтүстік Қазақстан облысында ер адам ешқандай отасыз-ақ құжаттарын ауыстырып, бір мезетте әйел болып шыға келді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде дүниеге келген Игорь есімді жігіт бала кезінен-ақ оғаш мінез көрсеткен. Қатарластарымен бірдей доп теуіп, футбол ойнаудың орнына, жылтырақ киім киюге, қуыршақтарға әуес болған. Өмір бойы осы әдетінен арыла алмаған жігітті Мәскеудегі Психиатрия ғылыми орталығының мамандары тексере келе, оған «трансгендер» деген диагноз қойып, ота жасату немесе гормоналдық жолмен жынысын ауыстыруға кеңес берген.

«Трансгендерлер өздерінің жынысын еріккеннен немесе біреудің ақылымен ауыстырмайды. Бұл өте сирек кездесетін және дауасы жоқ дерт. Медицинада «қос жынысты» деген ұғым бар. Оны геннің аталық немесе аналық ретінде толық қалыптаспағандығымен түсіндіруге болады. Бұл дерт балаға құрсақта жатқан кезінде беріледі. Бұған анасының жүктілік кезінде ішімдік, есірткі сияқты зиянды заттарды қабылдауы әсер етуі мүмкін», — дейді уролог-дәрігер Дулат Константин.

Ұзақ уақыт бойы гормоналдық дәрі-дәрмектерді қабылдап, әйелге айналған жігіттің құжаттарын рәсімдеуден қалалық АХАЖ бөлімі бас тартқан. Кезекті сәтсіздіктен кейін Игорь Мәскеу Психиатрия ғылыми орталығынан өзінің психикалық ауытқушылығы жоқ және гомосексуалист емес екендігі, гормоналдық коррекция арқылы әйелге айналғандығы жайында анықтама қағазын әкелген. Осыдан кейін сотқа арызданған Игорьдің талабы қанағаттандырылып, құжаттарын ауыстыруға рұқсат берілді. Қазір оның есімі Ирина.

«Қазіргі қоғамда толық емес отбасылар көп. Балаларды көбіне тек аналары ғана тәрбиелейді. Мұндай отбасылардан шыққан балалар бірден аңғарылып тұрады. Олардың жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі отбасындағы жағдайдан хабар береді. Әр баланың оқ жонған ата мен тон пішкен ананы көріп өсуі өте маңызды Тағы бір айта кететін мәселе, сәбилерді ерте жастан физиологиялық ерекшелігіне қарай тәрбиелеу керек. Теледидардан әйелдің киімін киіп, сайқымазақ болатын жігіттер де көрініп жүр. Бұның бәрі бала тәрбиесіне кері әсер етеді», — дейді психолог Әсел Қажымұратова.


Игорь жынысын ауыстырған Петропавлдағы алғашқы трансгендер. Ал Қазақстан бойынша мұндай әрекетке барған 24 адам тіркелген.

Соңғы жаңалықтар