Петропавловск ІІД базарда жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавловск ІІД базарда жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар алды

Петропавловск ІІД базарда жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар алды

Петропавловск. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск ІІД-нің Шұғыл басқару орталығына базарда жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қазан 2008
  • 456
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жасырын телефон қоңырауы «Алтын арман» базарына бүгін таңертең сағат 07.45-те келіп түскен. Оқыс оқиға туралы барлық қызметтер хабарландырылды. Оқиға орнына «Арлан» арнаулы бөлімшесінің саперлері, ҰҚКД, ТЖ, өрт сөндірушілер, апаттық медицина орталығы мамандары келіп жетті.

«Тәртіп сақшылары базарды қоршауға алып, таяу маңдағы көшелердегі қозғалыс тоқтатылды. Базарда болған 300 адам сыртқа шығарылды. «Арлан» арнаулы бөлімшесінің саперлері арнаулы аппаратурамен және кинологтар иісшіл иттермен ғимаратты тексеруге кірісті. Тәртіп сақшылары жасырын телефон қоңырауы Каманин көшесінің маңындағы таксофоннан жасалған анықтады. Ақпар жалған болып шықты. Жарылғыш зат табылған жоқ. 09 сағат 15 минутта барлық қызметтер кері қайтарылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар