Петропавловск мен Қызылорда облысындағы жол апатынан алты адам қаза тауып, үшеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавловск мен Қызылорда облысындағы жол апатынан алты адам қаза тауып, үшеуі жараланды

Петропавловск мен Қызылорда облысындағы жол апатынан алты адам қаза тауып, үшеуі жараланды

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск мен Қызылорда облысындағы жол апатынан алты адам қаза тауып, үшеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 3 Қараша 2008
  • 383
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында Шымкент — Самара жолының 1982-ші шақырымында 2 қарашада «Опель» және «Мазда» көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 41 жастағы «Опель» жүргізушісі мен «Мазданың» 71, 68 жастағы әйел жолаушылары мен 27 жастағы жолаушы жігіт оқиға орнында қаза тапты; 19 жастағы «Опель» жолаушысы, 26 жастағы «Мазда» жүргізушісі мен оның 47 жастағы жоалушысы ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, 2 қарашада сағат 14.35-те Петропавловск қаласында Петропавловск — Мамлютка жолының 3-ші шақырымында «ВАЗ» бен «Ауди» көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан «ВАЗ» жүргізушісі мен оның 44 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті