Жарияланды: 420

Петропавловск қаласында 3 мыңдай пәтер бірнеше күн бойы газсыз қалды

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында 31 үй газсыз қалды. Мұндай жағдайға түсті металл жинаушылардың қола гайкалардың ұрлануы себеп болған, деп хабарлайды агенттік тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Горгазсервис" ЖШС мамандарының айтуынша, тек соңғы үш күнде осындай 27 ұрлық оқиғасы тіркелген. Осыдан жарты жыл бұрын 147 гайканы алып кету салдарынан 14 мың пәтер көгілдір отыннан қағылған болатын. Ал қазір 27 үйге газ қайта жіберілгенмен, 4 үй әлі де газсыз отыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін