Петропавловск қаласында банкоматтардан ірі көлемде ақша ұрлап алған ресейліктер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавловск қаласында банкоматтардан ірі көлемде ақша ұрлап алған ресейліктер ұсталды

Петропавловск қаласында банкоматтардан ірі көлемде ақша ұрлап алған ресейліктер ұсталды

Петропавловск. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында банкоматтардан ірі көлемде ақша ұрлап алған ресейліктер ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қазан 2008
  • 498
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес , Петропавловск ІІБ-ның кезекші бөліміне «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның СҚО филиалының басшылығынан сағат 13.00 шамасында белгісіз біреулер жасанды карточкалармен «Айсберг» сауда үйінде орналасқан «Халық банкі» банкоматынан ақша ұрлауға әрекет жасады деген мәлімдеме келіп түсті.

«Бастапқы шұғыл іздестіру шараларының барысында банк қызметкерлерімен бірлесе банкоматты тексерген кезде 2 пластик карточка алынды. Полицейлер банкоматта орнатылған бейнекамералардың жазбасы арқылы қылмыскерлердің фотосуретін дайындап таратты».

«Бұдан кейін тәртіп сақшылары сағат 19.00 кезінде «Альянс банк» тераминалынан ірі көлемде ақша алған жігітке назар аударған. Оған жақындап келіп құжаттарын көрсетуді сұраған кезде жігіт тұра қашуға әрекет жасаған. Дүкеннің ауласында жігіт ұсталып, полицияға жеткізілді», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жігіт Новосибирск қаласының тұрғыны болып шықты. Полицейлер осы дүкеннен Омбыда тұратын және университеттің үшінші курсында оқитын тағы бір жігітті қолға түсірді.

«Ұсталғаннан 4 пластик (дисконттық) «Авто Люкс Север» карточкалары, 60 мың теңге, 5 мың рубль мен сандар жазылған қағаз қиындысы табылып тәркіленді. Ұсталғандар қалаға мініп келген «Фольксваген Пассат» көлігін тінту кезінде 16 мың АҚШ доллары, 80 мың теңге, түрлі банктердің 20 пластик карточкасы табылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Ұсталғандардың жауабы бойынша олар пластик карточкаларды Павлодарда белгісіз біреуден сатып алған. Петропавловск банкоматтарынан олар 600 мыңнан астам теңге алған. Сондай-ақ, олар осындай тәсілмен Павлодарда да, сосын Көкшетауда 1 млн астам теңге ұрлап алған», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазір ұсталғандар Петропавловск ІІБ уақытша тергеу қапасына қамалды. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы (басқаның мүлкін ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті