Петропавловск қаласында Бүкіләлемдік жол апаты құрбандарын еске алу күні аясында "Ұмытпа, ойлан" атты іс-шара өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавловск қаласында Бүкіләлемдік жол апаты құрбандарын еске алу күні аясында "Ұмытпа, ойлан" атты іс-шара өтті

Петропавловск қаласында Бүкіләлемдік жол апаты құрбандарын еске алу күні аясында "Ұмытпа, ойлан" атты іс-шара өтті

Петропавловск. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында Бүкіләлемдік жол апаты құрбандарын еске алу күні аясында "Ұмытпа, ойлан" атты іс-шара өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қараша 2008
  • 698
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Бүкіләлемдік жол апаты құрбандарын еске алу күніне дайындық аясында өткен апта бойы жол полициясының қызметкерлерінің құрамы қан

тапсырды.

16 қарашада сағат 11.00-де «Қара толқын» іс-шарасы басталды. 10 қара автокөліктен құралған тізбек СҚО ІІД жол полициясы басқармасының ғимаратынан шығып, Петропавловск көшелерімен жүріп өтті. Жол апаты құрбандарын еске алу үшін аспанға ақ және қара түсті шарлар ұшырылды. Солтүстік Қазақстан облыстық жүргізушілері іс-шараны қолдау мақсатында көліктерінің жақын жарығын жағып, дыбысты дабылды басты.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың басынан бері облыс аумағында жол апатынан 65 адам, соның ішінде бір бала қаза тапқан. 371 адам, соның ішінде 53 бала түрлі дәрежеде жарақат алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар