Петропавловск қаласында ғимараттарды жылыту маусымына дайындау қарқыны өткен жылғы көрсеткіштерден артық

"Егер 2007 жылдың 4 тамызында тек 96 көп қабатты тұрғын үйде дайындық жұмыстары жүргізілсе, 2008 жылдың 4 тамызында осындай жұмыстар 176 үйде атқарылды, яғни, орындалу көлемі - 183,3%. Білім беру саласында бұл - 125%, мәдениет нысандарында - 142,9%", - деп нақтылайды әкімдік.

"11 тамыздағы жағдаймен қаладағы 17 балабақшаның 9 (53%), жалпы білім беретін 38 мектептің 18 (47%), емдеу-профилактикалық мекемелерінің 27-ден 23-і (85%) дайындық паспортын алды. 1010 үйден 450 үйде жылыту жүйелерін дайындау жұмыстары аяқталды", -деп хабарлайды әкімдіктегілер.