Петропавловск қаласында контрафакт алкогольді өнімдер мен контрабандалық ойыншықтардың үлкен партиясы жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавловск қаласында контрафакт алкогольді өнімдер мен контрабандалық ойыншықтардың үлкен партиясы жойылды

Петропавловск қаласында контрафакт алкогольді өнімдер мен контрабандалық ойыншықтардың үлкен партиясы жойылды

Петропавловск. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында контрафакт алкогольді өнімдер мен контрабандалық ойыншықтардың үлкен партиясы жойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО соттар әкімшісінің Петропавловск қалалық №3 бөлімінің сот үкімін орындаушысы Ерлан Жұмабаевқа сілтеме жасап.

  • 26 Қыркүйек 2008
  • 496
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Мемлекеттік стандарт талаптарына сай келмейтін контрафакт алкогольді өнімдер, қолданылу мерзімі өтіп кеткен пластик бөтелкедегі сыраны жою туралы шешімді соттар әкімшісі, мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау, салық комитеті, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің өкілдері қамтылған комиссия қабылдаған.

«Қазақстан аумағында сатуға тыйым салынған барлығы 1179 бөтелке (600 литр) шарап, арақ, коньяк, 7863 пластик бөтелкедегі (11 812 литр) сыра жойылды. Тұрмыстық қалдықтар полигонында барлығы 12 мың литр спирттік ішімдік жойылды», -деді Е. Жұмабаев.

Оның айтуынша, бұл сот үкімін орындаушылар жүзеге асырған жыл басынан бергі үшінші акция.

«Жойылған бұйымдардың арасында шекарашылар тәркілеген балалар ойыншығы да бар. Контрабандалық тауарды Қытайдан Қазақстан аумағы арқылы Ресей Федерациясына өткізуге әрекет жасалған», -деді Е.Жұмабаев.

«Контрафакт өнімдердің қожайындары заң алдында жауап берді. Тауарлары тәркіленіп қана қоймай, олар белгіленген көлемде айыппұл төледі», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар