«Республикалық жедел алдын алу мақсатындағы «Түгендеу» іс-шарасы барысында Петропавловск қаласының тәртіп сақшылары Мәңгілік алаудың өшіп қалуына алып келген ұрлық оқиғасы — газгольдердің бөлшегін ұрлау қылмысын ашты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Петропавловск қалалық ІІБ оперативтік уәкілі, аға лейтенант Дастан Қазиев қаладағы барлық түсті металл сынықтарын қабылдау орындарында болған. «Черемушки» ауданында ол жуырда ғана ашылған бөтелке және түсті металл сынықтарын қабылдау бөлімшесінде болған кезде сынықтардың ішінен үлкен вентильді тапқан.
Қабылдаушы әйел тәртіп сақшысына бұл бөлшекті «Малой» деген лақап аты бар бұрынғы сотталған бір қала тұрғыны тапсырғанын хабарлаған. Әйел оған 300 жуық теңге төлеген.
«35 жастағы Сергей бірден қылмысты мойындап, вентильге көптен бері көзі түсіп жүргенін және кілт пен балға алып түнде ескерткішке барғанын мойындаған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.