Жарияланды: 420

Петропавловск қаласында қайырымдылық мақсатта сенбілік өтті

Петропавловск. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында қарттар мен мүгедек жандарды әлеуметтік қолдау айлығының аясында қайырымдылық мақсатта сенбілік өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, акцияға 470 ұжым қатысты, бұл - 13 600 адам. Күн райы қала тұрғындарына көшелерді абаттандыруға атсалысуға мүмкіндік бермей, көптеген ұжымдар өз жұмыс орындарында еңбек етті. Соған қарамастан, 20 тонна қоқыс жиналып, тасымалданды. "Қайырымдылық мақсаттағы сенбілік күні қала тұрғындары 17,5 млн теңге тапты, 14 млн 800 мың теңге ұжымдарда түрлі шаралар өткізуге қалдырылса, 2 млн 700 мың теңгесі қалалық ардагерлер кеңесінің есепшотына аударылды", - деп хабарлайды Петропавловск әкімдігі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін